Көктен келген ілім

«Көктен келген ілім» (Знания данные свыше) кітаптың негізгі ұстанымы осы ойдан басталады. Кітаптың авторы - Энтони Уильям кішкентайынан тылсым күштердің куәгері болады. Төрт жасында әжесінің  сырқатын (кейін медициналық тексеруден кейін анықталған) болжап беріп, өзінің көрген адамдарының ауру-сырқатын бір қарау арқылы  көре алатын қасиетке ие болады.  Бұл жолда, тек Уильямнің көзіне көрінетін аруах көмектеседі. Бұл қасиет адамзат емдеуде үлкен мүмкіндік болғанымен күнделікті өмірде Энтониге тигізетін ыңғайсыздығы да жетіп жататын. Бұл кітапқа дейін америка қоғамында көріпкел емші бар деген ой келмейтін. "Қазақ ем", "ұшықтау" деген сөздердің  біздің елге әбден танымал болғанымен, бірақ логика мен реализмді ұстанатын америка не жалпы еуропа елінде зерттелмеген ғылымның кітапқа басылып және танымалдыққа ие болғаны таңқалдырды.

Негізі кітапта себебі жоқ аурулардың шығу тегі туралы және қалай емін табуға болатындығы жазылған. Автордың көп жағдайда ұсынатын емдеу әдісі: органикалық тағамдарды қолдану.  Негізі бұл ойға қарсы келер ешкім жоқ, көпшілік дәрігерлерде осы пікірді алға ұсынады. Бірақ автор инста-парақшасында ұсынатын тамақтану үлгісі арқылы, өзінің қандай нәтижелер алғанымен бөлісіп отыратындықтан, көптеген оқырмандар күман келтірмейтін. Кітапта әрбір аурудың белгілері және қалай жазылу жолы айтылғаннан кейін, шын өмірден алынған оқиғалар көрсетіледі. Менің ойымша, сол оқиғалар тым жасанды жазылғандай көрінді, себебі көбісі бір-біріне ұқсас. Мүмкін шындық та болар, кім біліп жатыр?! Келесі айтарым, оқу барысында келген ой-неге қазақтың сынықшы, емшілері осындай кітап жазып шығармайды. Мысалы, әйгілі "құйрықтың майы". Неге пайдалы, қалай пайдалы, құрамында қандай компоненттер бар, соның бәрін тізіп, қалай қолдану керектігін түсінікті етіп жазса, көбіне қызық боларына сенемін. Және де салауатты өмір салтын ұстанып, өз үлгісінде көрсеткен болса, жұрттың ілесетіні сөзсіз. Меніңше, Ульямның дәрігерлік білімі болмағанымен адам ағзасы жөнінде сауаттылығы және өзінің ұсынатын әдістерін өз тәжірибесінде нәтижелі болғаны-танымалдық әкелді.

Автордың бұдан басқа "Еда, меняюща жизнь", "Секрет щитовидки", "Спасение печени", "Сок сельдерея"  атты кітаптары бар. Бұл жерде, "Еда, меняюща жизнь" деген кітабы туралы қысқаша тоқталып кете аламын. Бұл кітапта, көптеген көкөніс, жеміс-жедектердің құрамы және олардың қандай сипат шақыратындығы туралы жазылған. Мысалы, көп картоп жейтін болса, бұл адамға дұрыс көңіл аударылмай жүр дегенді білдіреді деген секілді. Мүмкіндік болса, денсаулығығызды одан сайын нығайта түскіңіз келсе, Энтонидің кітабын оқуға болады, өкінбейсіңіздер деген ойдамын. 

(сурет өзімдікі, инста-парақшам:bekmuratkyzy.altynai)



Бөлісу: