Бір вагон естелік.

Ол өзінің әдетті жүрісіне салып  университеттің басты есігінен шығып бара жатты.  Cол еркелей басқан уайымсыз жүрісін, көптің арасынан бірден танып қоятынмын.  Басқалардан оны жарқын қылатын жүрісі ғана емес, киімі мен шаш үлгісі де, айналасындағы түнерген ортаны мазақтағандай жарқын болатын. Оның себебін мен өзіме былай түсіндіретінмін –  өмірден көргені қандай түнек болса, ішіндегі сәулесі соғұрлым жарқын.

Университет есігі  артынан тарс жабылды. Жүгіріп барып тұншықтыра құшақтап ешқашан жібермес па едім. Жоқ. Оған ол қажет емес. Оған мен ЕНДІ қажет емеспін. Сол есіктен ертеңгі күнге аттап ары қарай өмірі жалғаса бермек. Мен ше?

Шимай болған ойларымнан қашпақ болып, бір стакан ыстық қара кофемді алдым да қосалқы есіктен шығып темекі шегетін орынға беттедім. Күн батарға айналған уақыт, студенттер әлдеқашан тарасып кеткен.  Темекісін будақтата сораптап тұрған мен ғана.  Не деген сұрықсыз күн.

Мен тұрған жерден таулар анық көрінеді. Түсініксіз бір, қорқыныш пен тыныштық сейілтетін күш. Ұзағырақ қараған сайын менің өзім де кішірейіп бара жатқандаймын.

Осы көрініске қанша берілгім келсе де ол менің санама жүк вагоны болып баса көктеп кіріп жатыр. Тонналаған заңсыз естеліктерді санамның шекаралары ұстап қала алмайды әттең. Ақырында берілесің.   

Не десемде барлығы жаман деуге келмейді. 

Екеуі қосылып бір бірінің өмірін өзгертті де енді тарасар уақыт келді. Бірақ .....



Бөлісу: