Кешкі әңгіме 10-бет

  Анатолий айтылғандарға дәлел тапқысы келгендей грагтың көзіне тесіле қарады. Бірақ, граг басқаша түсінгенге ұқсайды.
  -Галактика - қатігез, менің қымбаттым.  Сіздердің жолдарыңыз болды, Жерге бірінші болып  әрқашанда жаңа көктеп келе жатқан ақыл-ойға қамқорлықпен қарайтын біздің ұшып келгенімізге. Одан да үлкен жолдарыңыз болды, бізді бас-сауғалай көшуге итермелеген қара құрдымды жойып үлгергенімізге... енді планеталарды өз қалауымызша өзгерістерге ұшырата алуымызға. Біз қайырымды көршілер боламыз, досым менің. Егер де Жерге басқа да бір жас, қуатты,дамуға ұмтылған нәсілдер таласса,- біз сіздерді қорғау үшін өзіміздің салмақты сөзімізді айтамыз.
  Анатолий жұтынып қойды.
  -Менде сіздердің ұсыныстарыңызды жедел түрде қабылдай қоятын өкілеттік жоқ,-деді ол.- Бірақ... мен оны шұғыл түрде Ресей үкіметіне жеткіземін, сондықтан да біздің келіссөздеріміз дұрыс бағытта жеделдей түседі деп үміттенемін. Хаттама үшін емес,менің жеке өзімнен айтатын болсам...сіздердің ұсыныстарыңыз маған ұнайды.
  Дкар тағы да күлкі нышанын білдірді.
  -Мен қуаныштымын, досым менің . Менімен бірге жеңіл ас пен бір шыны шай ішуге қалай қарайсыз?
  -Сізбен бірге қуана-қуана ішемін, Дкар.

  Дкар терең орындалған салтанатты түрмен  көрінбейтін тіректен Ресейдің картасын баппен алып, бүктеп Анатолийге ұсынды. Ол болса асығыс түрде ---жануарлардың терісінен жасалған өнім грагтарды бөтен ойға итермелемеуі үшін,арзан матадан жасалған ---портфеліне салып алды. Оған грагтан түрлі-түсті боялған картаны емес, тұтас мемілекетті қайтарып алып жатқан сияқты сезім пайда болды. Адамзатқа қайтып оралған бүткіл орасан-зор отанды.

  Сайтан, ал америкалықтардың былайша айтқанда жолдары болды! Шолпаннан немесе Есекқырғаннан жер алады, бөтендердің дәл қасынан! Бизнес, технологиялармен ауысу! Сайтан! Мұндайда қонуға келе жатқан ғарыш кемелеріне Калифорниядан емес,Чукоткадан ракетамен атқыламағанына өкінеді екенсің!



Бөлісу: