Кешкі әңгіме, 9-шы бет

  Міне  күзетшінің "силығының" мәнісі. Адамдардың ескі газеттен бірдеңені түсіну-түсінбеуі оларға бәрібір, планетаның тағдыры шешіліп қойылған болса? Грагтар баяғыда жарнамалаған "хомовирусты" босатып жібереді, содан кейін үш тәулік ішінде Жер шарында бір де бір адам қалмайды. Мүмкін...қорқыныштан қалшылдаған презинденттер өздерінің бункерлерінде...
  Оның кенеттен  дипломаттың  құқығы жоқ қимыл жасағысы келіп кетті.  Адамжегіш Бокассаға,адамзатты жалмап қоюға дайын бөтендерге де. Ешуақытта. Ешкімге.
  Қабыршақ басқан мойынға жармаса кеткісі келді.  Мына құбыжықты қылқындыра жөнелсе... Арты не боларын біле тұра  малғұнды өлтіруге тырысса. Өз-өзіне риза,бірбет ,паң Дкардың арғы аталары өте маңызды бірдеңе ойлап тапқан көрінеді. Біздің алдымыздағы планетаны қылғытқан шығар, бәлкім...
  - Экспансия логикасы  ырыққа көнбейді,- жалғастырды граг.- Бөтен ақыл-ой иелерін жойып жіберу бізге жеркеніш туғызады, бірақ біз амалымыздың жоқтығынан Жерге үзілді-кесілді талабымызды қоюға мәжбүр болдық. Бақытқа орай үш күн бұрын планеталық зауытымызды сәттілікпен сыннан өткіздік.
  Бақытқа орай?
  -Сізді түсінбедім деп қорқамын, маңызды елші мырза,-деп сыбырлады Анатолий.  Ол өзінің барлық ұстамдылығын жоғалтып алған сияқты,жазуды тыңдап, көрген сарапшылар наразылықпен бас шайқаулары анық...
  Біз адамзаттан Шолпан мен Есекқырған планеталарын беруді сұраймыз. Тіршілікке қолайлы орта жасау үшін өзгерістерге ұшырастыруға неғұрлым қолайлы планеталар. 
  -Ал Жер ше?-өз құлағына өзі сенбей сұрады Анатолий.
  -Жер сіздерге қалады.-Дкар  өзінің ұзын алақанын жайды.-Тұтас.   Біз өз еркімізбен кешірім сұрау ниетінде  сол бір қайғылы оқиға үшін АҚШ  үкіметіне өз қалаулары бойынша  Шолпаннан немесе Есекқырған планетасынан  бұрынғы Калифорния аумағына парапар  жер береміз.
  Бұлай болуы мүмкін емес... 



Бөлісу: