Кешкі әңгіме. 6-шы бет

-Сіз маған бұл затты беруге...және алғаныма сіздің басшылық тарапынан маған және бүкіл адамзатқа реніш тумасына сенімдісіз бе?-деді Анатолий қолын созбастан бұрын.

Грагтың бас қабыршақтары жыбырлап кетті. Кейістіктің белгісі ,анығы-тура аударғанда"ашулану" маңдай қабыршақтарын жыбырлату" дегенді білдіреді. Бірақ, аударма әдейі бұрмалануы да мүмкін...

-Иә, сенімдімін. Сіз мені зұлымдық жасағалы тұр деп айыптап тұрсыз ба?

Бұл сайтан алғыр грагтар өте зерек, тез қағып алады. Және өздерінің шыншылдығын баса көрсетуді ұнатады...тым ұнатады!

-Жоқ әрине ,айыптап тұрған жоқпын,-деді Анатолий.-Мен жай ғана алған ақпаратқа менің тарапымнан аз да болса дұрыс түсінбестік болып қалмаса екен деп тырысып жатырмын.
Бұл сөзден кейін граг тез сабасына түсті. Мүмкін осынысымен де Анатолийге бұл жұмыста екі ай бойы тұрақтап қалуға шамасы келген-америкалық елшілер екі рет,қытайларда үш рет ауысқан. Дұрыс жолды түйсік арқылы табу-дипломат үшін ең бастысы.

-Бәрі дұрыс. Бәріне рұқсат берілген. Бұл ескі технология,біз енді бұны сіздерден жасырмаймыз. Алыңыз.- Граг дискіні ұсынуын доғармаған соң,Анатолий амалы жоқтығын түсініді. Бір күрсініп «газетті» алды.

Диск қатты әрі салқын, ұстағанда бұдыры бары сезіледі. Әншейін пластикалық тақтайша...

Қандай, сайтанның сапалағының технологиясы! Леонардо да Винчиге теледидарды беріңізші, не болар екен? Жарайды,қосып-өшіруді үйренсін делік. Жарайды,бұзып барлық бөлшектерін көріп шықсын, ары қарай?

Өте үлкен алшақтық жатыр, бұл бөтен өркениеттің жасанды жәдігері жерлік ғалымдарға бірдемелерімен көмектесуі үшін. Ал дискінің ішіндегі ақпарат-басқа мәселе. Газет! Бөтен ақпараттар бұлағы! Онда технологиялар тәппіштеп жазылмаса да...олардың мінез құлқын түсіну мүмкіншілігі туады. Әрине, егер де бұл"газеттегі" сөздер шын болса. Егер де олардың мазмұны арнайы дайындалған «жалған ақпаратқа» толы болмаса.



Бөлісу: