Маңызды елші мырзамен кешкі сұхбат

Маңызды елші мырзамен кешкі сұхбат. С. Лукьяненко. аударған Т.Халық

Жеделсатыға кірерден бұрын, Анатолий шыдай алмай терезеге тағы да қарады.

Әрине, Бөтендердің кемесі өз орнында еді — тура Петр Біріншінің ескерткішінің үстінде, жүз он төрт жарым (тексерілген) метр биіктікте , асқан дәлдікпен түнгі аспанда тартылыс күшінің ықпалын жойғыш (хабарланған) қозғалтқыштармен ұсталынып тұрған және де қызғылт сары оттардың шынжыры, жойғыштардың оқпандары (шамалауымызша) орналасқан,дәл сол баяғысынша алып дөңгелек шеңберін қоршап жатыр еді.

Шынымен ол қайда кетуші еді?

Ал астыда, құрту мен өлімнің құбыжық машинасының астында, осымен екінші ай бойы Москваның үстінде қалықтап тұрған,жарнама шамдары жыпылықтап, көшелермен көліктер ағылып, қыдырып, анда-санда аспанға бір қарап қойып адамдар жүр еді. Адамдар- өте бейімделгіш жаратылыс қой. Адамдар неге де болсын бейімделіп алады, таңқаларлық жылдам бейімделеді.

Анатолий күрсініп алды да жедел сатыға кірді.
-Кеш жарық, маңызды елші мырза,-сәлем берді оған күзетші.Жасы келіп қалған,шамамен атағы майордан кем болмауы керек. «Альфалық» болуы мүмкін.

-Кеш жарық.
Күзетші жеделсатының түймесін басты, жеделсаты жоғары қарай көтеріле бастады. Қандай сайтанның сапалағына бола Бөтендер тура осы ғимаратты таңдады екен?

-Қандай жетістіктер бар?-деп сұрады күзетші сыпайы түрде.Бұл әдеттегі сұрақ еді, Анатолийдің де жауабы жаттанды болатын;

-Жұмыс жасап жатырмыз.

Жеделсатыда шамамен оннан аса тыңдаушы құрылғылар орнатылған шығар. Күзетшінің киімінде -бестен астам. Және де Анатолийде — жеті дыбыстық-бейне жазу-және сайтаным білер-не жазатынын құрылғылар, бұлар өзіне мәлімі, үшеуі ол білуі тиіс емес және қаншама бұл білмейтін жасырын құрылғылар. Бірдеңе деу сөлекет көрінді, және де ол күзетшімен ешқандай да құпияны бөліспекші емес еді...қанша жерден ол тексеруден өткен және сенімді, сүйегінен миына дейін кәсіпқой болса да. Бірақ бүгін күзетші тағы бір сұрақ қоюға батылы жетті:

-Жаңалықтарда....онда бір сұхбат болды...-басымен жоғары жақты меңзеп,- олар айтты, келіссөз жүргізу олардың ойында да болмапты...тек Анатолий Белов мырза жерді жаулап алуға асығудың қажетсіздігіне көндірген екен...

(жалғасы бар)



Бөлісу: