1-сабақ Сөз иірімдерім құрау
блог
1)
Серік таңертең ерте тұрды. Таңғы асқа жұмыртқа қуырып жеді. Киініп сабаққа кетті. Мектептен уақытында үйге қайтты. Сабақ қарады. Біраз ойнады. Ұйқыға жатты.
2)
Серік таң қылаң бере оятқыштың қоңырауы шылдырлап болмаған соң,көзін тырналап ашып,керіліп-созылып әрең тұрды.Тоңазытқышты ашып ішінен жей қоятын түк таппаған соң,табаға үш жұмыртқаны жартылай күйдіріп, жартылай пісіріп жеп алды. Киімдері кеше анасының үтіктеп ,іліп қойған жерінен алып, айнаның алдында тұрып асықпай киініп, мектепке қарай бет алды. Сабақ біте салысымен бірден үйге қайту деген қайда... әбден ойнап қарыны ашқан соң бірақ қайтты.
Анасы жұмыстан келе салысымен сабақ қарап жатпаса ұрыс еститінін біліп, келер уақытында сабақ қарауға отырды, бейне бір анасы үшін оқитындай! Сабақ қарап болған соң оның компьютерде ойнайтын заңды бір сағаты бар, ол соны әбден пайдаланып қалуға тырысты. Тұр-тұрдан хабар деген сияқты,жат-жат басталған соң еріксіз жатып көрпе астында телефонымен ойнап жатыр еді, қалай ұйықтап кеткенін білмей қалды.
2-сабақ
Сөйлемдерді теңеулер арқылы күшейту