Программист болу. Оқушыларға нұсқаулық
блог
Сәлем, құрметті оқырмандар! Бүгінгі мақалада программист мамандығын игергісі келетін мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап беремін.
Программист мамандығын артықшылығы туралы алдыңғы жазбамда айтып өтіп едім. Бүгін осы мамандықты меңгеруді неден бастау керектігі жайлы сөз қозғаймыз. Программист болу деген ол өте ауқымды мақсат. Алдымен осы мақсатты анықтап алайық. Сонымен, сіз қандай программист бола аласыз:
1. Идеалды программист: Google, Facebook, Apple, Tesla деген сияқты әлемнің бетке тұтар, алпауыт компанияларында жұмыс жасайтын программист болу:
— Жалақысы - айына шамамен 30-50 000$, теңгемен санасақ шамамен 12 млн теігемен 20 млн теңге аралығы.
— Талаптар: ағылшын тілінде еркін сөйлесе білу, оқи білу, жумыс жасай білу. Дамығын елдердегі алдыңғы қатарлы университетін тәмамдау немесе соған жараса білімді болу. Талапты, зерек, еңбексүйер болу. Өте жоғыры тәртіп және алған беттен қайтпау.
— Жұмсайтын уақыт: Егер ағылшын тілін және математиканы мүлдем білмейді деп есептесек, шамамен 5 - 6 жылда осы нәтижеге жетуге болады.
2. Өте жақсы программист: Америка, Канада немесе Европа елдеріндегі мықты IT-компанияларында жұмыс жасайтын программист болу:
— Жалақысы - айына шамамен 15-30 000 $, теңгемен 6 - 12 млн.
— Талаптар: ағылшын тілінде еркін сөйлесе білу, оқи білу, жумыс жасай білу. Ағылшын тілінде жоғары оқу орынын тәмамдау немесе соған жараса білімді болу. Талапты, зерек, еңбексүйер болу. Өте жоғыры тәртіп және алған беттен қайтпау.
— Жұмсайтын уақыт: Егер ағылшын тілін және математиканы мүлдем білмейді деп есептесек, шамамен 4 - 5 жылда осы нәтижеге жетуге болады.
3. Жақсы программист: Қазақстандағы шет елдік IT-компанияларында немесе шет ел компанияларына Қазақстанда отырып қашықтықтан жұмыс жасайтын программист болу:
— Жалақысы - айына шамамен 10-20 000 $, теңгемен 4 - 8 млн.
— Талаптар: ағылшын тілінде еркін сөйлесе білу, оқи білу, жұмыс жасай білу. Ағылшын тілінде жоғары оқу орынын тәмамдау немесе халықаралық сертификаттар иегері болу немесе соған жараса білімді болу. Бірнеше жыл еңбек өтілі болу. Талапты, зерек, еңбексүйер болу. Өте жоғыры тәртіп және алған беттен қайтпау.
— Жұмсайтын уақыт: Егер ағылшын тілін және математиканы мүлдем білмейді деп есептесек, шамамен 3 - 4 жылда осы нәтижеге жетуге болады.
4. Орташа программист: Қазақстанданның IT-компанияларында қазақ немесе орыс тілдерінде жұмыс жасайтын программист болу:
— Жалақысы - айына шамамен 500 мың - 1,5 млн. теңге.
— Талаптар: ағылшын тілінде техникалық әдебиетті оқып түсіне білу. Негізгі қажетті білімдері болу. Бірнеше жыл еңбек өтілі болу. Талапты, зерек, еңбексүйер болу.
— Жұмсайтын уақыт: Егер ағылшын тілін және математиканы мүлдем білмейді деп есептесек, шамамен 1 - 2 жылда осы нәтижеге жетуге болады.
5. Бастаушы программист: Қазақстанданның IT-компанияларында қазақ немесе орыс тілдерінде жұмыс жасайтын программист болу:
— Жалақысы - айына шамамен 150 мың - 300 мың. теңге.
— Талаптар: ағылшын тілінде техникалық әдебиетті оқып түсіне білу. Бастапқы білімдері болу. Талапты, зерек, еңбексүйер болу.
— Жұмсайтын уақыт: Егер ағылшын тілін және математиканы мүлдем білмейді деп есептесек, шамамен 6 ай - 1 жылда осы нәтижеге жетуге болады.
Көріп отырғаныңыздай, егер жүйелі түрде өзіңізді дамытып отырсаңыз Идеалды программист болуға болады. Ол үшін небәрі кішкене талаптылық пен тәртіп танытып 6 айдан 1 жылға дейін оқып-ізденіп Бастаушы программист боп алсаңыз болды.
ҰБТ-да қандай пән таңдау мәселесіне келсек - физика таңдаңыз. Шынына келсек, қайда оқу, университет немесе колледж, әлде мүлдем ешқандай оқу орынында оқымау ол тек сіздің таңдауыңыз. Бастысы басыңызға керекті білімді жинасаңыз жеткілікті. Ол білімді үйде отырып та, интернет арқылы алуға болады.
Келесі жазбамда Бастаушы программист болуды неден бастау керектігі жайлы сөз қозғаймын. Сұрақтарыңыз болса bahti.alem инстаграм аккаунтыма жазылып маған жазсаңыздар болады. Назарларыңызға рахмет! Естеріңізде болсын: Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы!