Президент - перзент жүрегінде!

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Бақытты балалық» және «Жастар – Отанға» партиялық жобалары аясында «Еріктілер мектебінің» белсенділері Есіл қаласындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалаған балаларға арналған №2 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне барды.

Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттары қолдауымен өткен шараға «Көкше қырандары» ЖҚБ өкілдері,  Ш. Уәлиханов атындағы КМУ университетінің студенттері және Ақмола облыстық «Юность» педагогикалық отрядының кәсіби басшылары қатысты.

Белсенділерді балалар жайдары көңілмен қарсы алып, одан әрі іс-шара шағын концертке ұласып, әр түрлі ойындармен жалғасын тапты. Президент өмірбаянын, Қазақстан тарихы мен қалыптасуына байланысты сұрақ-жауап сайысы да қызықты өтті. Қуантарлығы - балалардың Отан тарихы мен мемлекет Басшысы туралы көп білетіндігі.

Шараға қатысқан «Жас Отан» ЖҚ Көкшетау қаласындағы атқарушы хатшысы Абай Жамәлиев пен Есіл аудандық филиалындағы әріптесі Лаура Іргебаева жастар ұйымдарының жұмысы туралы айта кетумен қатар, «Нұрлы Жол» атты ҚР Президенті Жолдауын талқыға салып, сыйлықтар табыстады.

Науқан соңында балалар қонақтарға ілтипат сөздерін білдірді. «Былтыр біз футбол ойнап, Барселонаға барған кезде, мемлекет қамқорлығын сезіндік. Осының бәріне Президенттің арқасында қол жеткізідік. Сыйлықтар үшін де рахмет айтқым келеді», деді Евгений Безпалов.

- Барлық балалар үйдің шығармашылық өміріне белсенді қатысады екен. Жағымды әсерге ие болып, біраз қуаттандым. Балалардың өз қолымен жасаған сыйлығы сүйсіндірді. Бұл науқанмен, біз балаларға Елбасы жетекшілігіндегі мемлекетіміз әрбір тұрғынның қамын ойлайтынын көрсеткіміз келді, - деді «Еріктілер мектебінің» белсендісі Дарина Исмагулова.

Айта кетсек, мұндай қайырымдылық науқан алғаш рет бір жылдан бұрын ұйымдастырылды: жасотандықтар «Щучинск қаласындағы балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтің бейімдеу облыстық орталығына» барған болатын.



Бөлісу: