Прагматизм немесе болашаққа сәтті қадам...(байқау)
блог
Елімнің басшысы,тұғыры биік тәуелсіз мемлекетімнің тірегі–Нұр аға! Бүгін Сіздің "Рухани жаңғыру" атты мақалаңызды оқып шықтым."Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері" деп басталатын бұл мақала алтынмен қапталған,күміспен бапталған,құлақтың құрышын қандырады екен.Не деген керемет сөздер!
Бұл блогты жазудағы мақсатым,Елбасымыздың мақаласын оқып шыққандағы әсерім жайлы болмақ.Мақсат мынау- "прагматизм" сөзін дәріптеу. Неге десеңіз,"прагматизм" сөзіне көңіл бөліп,назарымды аудардым.
"Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді.
Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы."-деп айтты Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Менің ойымша, "прагматизм" сөзі "мақсат" сөзімен ұқсас. Жеке байлығыңды нақты білу және болашағыңды жоспарлай алу бұл-алдына мақсат қойған адамның әс-әрекеті.
Менің тұжырымым:"Прагматизм-алдыға ұмтылу немесе болашаққа сәтті қадам. "