Позитив керек пе? Ал ендеше ))))
блог
Блог жазу- шағын күнделік. Сол себепті, көп жағдайда ресми ақпараттар ғана емес, позитивті әңгімелер де жазып тұру керек. ©
Қызықты сәттер, бақытты күндерің көп қой, солай емес пе? Тек кей-кейде пендешілікке салынып, бір қиындық үшін бәрееен тастай салып, безіп кетуге дайын болатының болмаса да )))
Жә, айтпағым ол емес. Негізі бар ғой, көп сәттер, көпшілік оқиғалар көзіңде, сосын жүрегіңде, кейін санаңда сақтала береді. Тек өзіміз соны жаңғырта бермейміз. Біреулер еске алғысы келмейтін оқиғаларды қанша ойламайын десе де, сол есінен кетпей қоятыны бар ғой? Міне, сол секілді. Өміріңізде шынайы, ішек-сілеңіз қатып күлген сәтіңіз есіңізде ме? Болса, "не себепті?", және "кім күлдірді?"- деген сұраққа жауап беріп көріңізші?! Ол қиын болса, өміріңізде ерекше болып есіңізде қалған жағдай, не приключение, мысалы, біреуге көмектескеніңіз және сол жағдайдан кейін ерекше әсер алғаныңыз секілді. Жалпы, көп қой, сонда да болсын, есіңізге бір алып, сол уақыттағы әсеріңізбен бөлісесіз бе деген ой ғой менікі ))))
Мысалы, мен кейде үйде жүріп, өзіммен өзім айқайлап ән айтып кетем, немесе тарсылдатып билеп алам. Қолыма бір қасықты, не басы дөмалақ не бар соны микрафон қылып дегендееей ))) Әлі екі көзім маңдай жағымда тұрған кезімде, (Үлкен ағам солай атайтын, кішкентайыңда көздерің маңдай жағыңда еді, қазір төмен түсіп кетіпті деп. шамасы маңдайым кең болғаннан солай айтқан болар))) ағаларым күнде бірдеңе айтып күлдіретін. Сол кездер әлі есімде))))
"Қиындыққа күліп қара, сосын ол ашуланып қайтып кетеді"-деген жаңа цытата шығарып алғансың ғой ))) Әзіл) Сәл өз көңілімді көтеріп алайын дегенім ғой)))
Массагетім, Сіздер де менімен бірге еске ала отырыңыз )))