Пойызда болған оқиға
блог
Күндердің бір күні бір станциядан екі ересек кісі пойызға мінеді. Бірі қарт кісі, жас шамасы 60-ты алқымдаған. Екіншісі оның баласы жасы шамамен жиырма бестерде. Бір кезде баласы әкесіне:
- Әке, қарашы, пойыздың қимылын сезіп келемін, - дейді. Әкесі басын изеп отыра береді. Жан жағындағы жұрттар бұл жігітке біртүрлі қарайды. Жігіт тағыда:
-Әке мен даланың самал желін сеземін, - дейді. Тағы жұрт бұл жігітке сескеніп қарайды. Жігіт үшінші рет:
- Қарашы әке, менің қолыма жаңбырдың тамшысы тиіп жатыр, - дейді. Сонда отырған адамдардың біреуі қарт кісіге:
- Ұлыңызды жақсы ауруханаға, мықты дәрігерге емдетпейсізбе, - дегенде қарт кісі:
- Мен ұлымды қазір ғана ауруханадан емдетіп келе жатырмын. Ауруы жазылғаны соншалық ол қазір өз көзімен көріп тұр деген екен...