Портрет салудың 8 ережесі (байқау)

 Баршаңызға сəлем! Мен сіздермен портрет салудағы ұстанатын ережелеріммен бөлісейін деп отырмын. Жас суретшілер бір пайдасына жаратады деген үміттемін.

Портрет салудағы мен ұстанатын 8 ереже:

1. Салатын адамымыз қағаздың дəл ортасында тұруы керек. Бұл кез келген суретті салатын кезде ескеріледі. 

2. Қағазға салынатын бейне тым үлкен немесе тым кішкентай  болмауы керек. 

3. Портрет салғанда көзге аса мəн беру керек. "Көз – жанның айнасы"- дегендей, салынып жатқан портреттен адамның ішкі жан дүниесі көрініп тұрса, бұл ең керемет туынды. Атақты Мона Лизаның бар сыры осы жұмбақ , мейірімді көздерінде.

4. Бұрыннан қатып қалған ережелерге сүйенудің қажеті жоқ. Ол сіздің танылуыңызға кедергі келтіреді. Еркін болыңыз. Қиялыңызға ерік беріңіз. Сонда сіздің салған суретіңіз көптің арасынан ерекшеленіп тұрады.

5. Көп еңбектеніңіз. Суретті көп салған сайын қолыңыз икемденеді. 

6. Жан дүниең қандай болса, суретің де сондай болады.

7. Əрдайым адамдардың бет пішіні, басының формасы, дене бітіміне назар аударып жүріңіз. Адам салу анатомиямен байланысты. Жəне адамдардың эмоциясын бақылап үйреніңіз.  

8. Түстерді таба білу керек, ол үшін аздаған тәжірибе керек. Жай ғана палитраны алыңызда, түстерді бір- бірімен араластырып көріңіз. Жəне түстердің қосындысын ұмытпаңыз. 

Жоғарыдағы ережелерге сүйене отырып біздің, яғни  Хан Tengri тобының жетекшісі Шерхан Талапұлының портретін қарындашпен салдым. Жəне салу жолдарын суретке түсіріп отырдым.

Ең бірінші ағайдың бейнесін қағазға орналастырып, мұрын, ерін, қас, құлақ, көздерінің орындарын белгілеп алдым.

Сосын қасы- көздерін, мұрнын, ерінін салып, артық сызықтарды өшірдім. 

Содан соң көзін анықтап бояп, көлеңке жерлерін штрихтадым. Кемшіліктерді штрихтау барысында түзедім. 

Жарық- көлеңкесін анықтадым.

Сурет дайын.



Бөлісу: