Портрет
блог
Портрет ( О. Уайльдтың кітабы жайында ) Суретшінің шеберханасынан шыққан гүлдің хош иісі, Дорианның да жүрегінен аңқыдымекен?! Саябақтан соққан самал жел оның көрікті жүзін аймалағаны сөзсіз. Суретшінің үнсіз салған суретті Дорианның бейнесін емес жүрегін көшірген болар. Бәлкім өз-өзімізді тану ақпараққа салынған келбетімізге мұқият үңілуме?! ... Көшені жортқан Дориан жұпыны театрдан өзінің махаббатын табамын деп әсте ойламаса керек. Джульттаны сомдаған сұлу Сибила, оның көзіне ерекше ғажап көрініп едіғой. Бірақ ол оның театрдағы бейнесіне ғана ғашық болды. .."Таңғажайып ханзадасын" кезіктірген кербез Сибила Вейн. Оның соңғы рет ойнаған ойны қандай нашар болды. Өйткені ол өз өмірін енді ғана тауып құшағын сезімге айқара ашып мас болған жоқ па?! Бірақ бəрінің күл талқан боларын қайдан білсін. Соңында сұрқай реңге боялған театрда суық денесі сұлап жатты емес пе?! Дорианға деген махаббыттын өзімен мəңгі ала кетті. Бұндағы махаббат нағыз илльюзия. Ашуға берілген Дориан портретнен өзгешілікті көріп шошынғаны əлі көз алдымда. Ал, өзінің күнəлі істерін айқын көріп масаттана күлгені қандай қорқынышты! "Мен саған ғашықпын, сен менің шабытымсың"- деп жүрген ең ұлы суретші Бэзил. Ол өзінің күнəлі істеріне дұға сураумен болды немесе өзінің туындысын көргендегі оның жан ұшыра айқайлаған айқайы, ажалының осыдан боларын сездімекен?! Осылайша ең ұлы суретшінің денесі күлге айналып кетті. Көрікті Дориан, беттін əжім басқан портрет, бір-бірімен алмасқан өмір. Суретті жоюуға бекінген кезде ол өзініңде жоқ болып кеттетінін білмегені қандай өкінішті! Портретке қадалған қанжар оның жүрегіне қадалды. Тым көркем қып жаратқаны үшін барлығына Құдай кінəлі шығар. Ал, түн күнəдан рахат тапты. Ақылбек Амантаев