Торуньге аз уақытқа барсақ та, көп естеліктер қалыпты. Жазып біте алмай жатырм)) Айтпақшы, Торунь Польшаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Біз ақпан айында барғанда күн салқын болды. Группалас қыздар, оның ішінде өзім де бармын, жұқа киімдер алып барыппыз. Егер ақпан айында баратын болсаңыз, қыстық пуховик алып барған дұрыс.
Алдыңғы постта жазып кеткенімдей, торуньдықтардың мақтанышы - Николай Коперник. Ол кісінің кім екенін білетін шығарсыздар? Білмесеңіздер жазайын, ол жердің күнді айналатынын дәлелдеген поляк астрономы, математигі, экономисті. Ол туралы торуньдықтар күндеп, айлап жырлауға бар сөз берсеңіз))) Сауда үйі, көше атауы, университетке Коперниктің есімін берген.
Қаланы аралап болған соң, біз Н. Коперник мұражайына, Орталық мұражайға және сондағы жергілікті телеарна мен Н. Коперник атындағы университеттің кітапханасына бардық.
Алдымен, Н. Коперниктің мұражайы үйі Торунь қаласының Ескі қала деп аталатын бөлігінде орналасқан. Сол мұражай үйде Н. Коперник тұрған деген әңгімелер айтылды. 1960 жылы ашылған мұражайда болжаммен Коперник пайдаланған деген заттар қойылған. Түпнұсқа емес, әрине.
Суреттерге назар аударайық
Мұражайды кіре берісінде, Коперник және оның отбасысы пайдаланған ыдыстар
Одан кейінгі суреттерде Н. Коперник пайдаланған заттар
Коперник пайдаланған скрипка
Жазу үстелі
Мұражайдың сыртқы келбеті
Бұл – Біздер)))
Мұражайдың алды
Сонымен бірге, мұражайдың астындағы жертөледе пряник мұражайы орналасқан, ол жерде пряник қалай жасау керектігін көрсетеді. Жалпы, пряниктің түрлері көп. Бұлардыкы торуньдық пряник деп аталады. Оның өзінің тарихы бар. Ең атақтылары «Катаржинка» прянигі. Айтпақшы, мен пряник дайындағанда осы «Катаржинканы» дайындадым))) «Катаржинка» прянигінің тарихын бізге былай түсіндірді, орта ғасырларда өте сұлу, ақылына көркі сай Катерина есімді омарташының қызы болады. Оған бір наубайшы жігіт ғашық болып, наубайшы қыздың әкесіне ұнау үшін, нан пісіреді, нанына бал қосып пісірген. Ал ол қыздың әкесіне ұнаған. Содан наубайшы ол пряникті «Катаржинка» деп атаған. Ол жерде пряниктің түр-түрі бар. Олар нағыз торуньский пряник түрлі дәмдеуіш қосылып дайындалады деді. Бізге аса ұнамады. Дәрі сияқты дәмі))))
Пряник дайындағалы отырмыз
Мен «Катаржинка» прянигін дайындап отырмын
Біз дайындаған пряникті жеуге арналмаған, сувенир ретінде өзіміз берді
Ал мынау түрлі дәмдеуіш шөптерді ұсақтайтын құрал. Салмағы біраз ауыр.
Торуньдық пряниктің түрлері
Ескі қаланың шет жағында Орталық мұражай орналасқан. Онда көбінде заманауи өнер туындылары, картиналар қойылған. Орталық мұражайдан суреттер
Ескі қаланың орталығында шығыс халықтарының мұражайын бар, онда жапон, қытай, корей халықтарының заттары қойылған.
Ал келесі суреттерде жергілікті телеарнада болған кезіміз
Бұл университет кітапханасына барған сәтіміз. Онда кітаптарды электронды іздеу жүйесімен де қарауға болады. Біз Абай деп іздеп едік, 1-2 мәлімет шықты)))
Міне, қысқаша осылай)) Ары қарай, енді Краков қаласына жол жүреміз. Келесі жазба Краков қаласы туралы болмақ. Жалғасы бар...