Полицейлер династиясы

Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында ІІМ жоспарын орындау мақсатында Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері арасында полиция династиясы  көркемөнерпаздар байқауы өтті.

Байқау қызметкерлерді патриоттық, адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеу, олардың мәдени және рухани деңгейін арттыру, қазақстан полициясының оң имиджін нығайту мақсатында өтті.

Байқауға Мұнайлы аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы әділет аға лейтенанты Нұрлыбаева Қаншай Бағыжанқызы қатысты. Оның атасы милиция капитаны Серикбаев Нурлыбай милицияда 21 жыл қызмет атқарған. Онын әкесі Серикбаев Бакытжан Нурлыбаевич ІІО-да 20 жыл қызмет атқарып полиция старшинасы атағында зейнеткерлікке шыққан. Қызметкердің өзі ішкі істер органдарынды 18 жасынан бастап қызмет атқаруда.

ГМ-172/10 мекемесінің режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы әділет старшинасы Жүсіпов Берік Бақтиярұлы. Оның атасы Жүсіпов Әбдіраш Жүсіпұлы 1923 жылы туған, ұзақ жылдар кеңестік милиция болып жұмыс істеген және полиция старшинасы атағында еңбек демалысына кеткен. "Үздік милиционер" грамотасымен марапатталған. Оның әкесі Жүсіпов Бахтияр Әбдірашұлы 1961 жылы туған, 1980 жылдан 1997 жылға дейін ІІО-да жұмыс істеп, полиция старшинасы атағында құрметті демалысқа кеткен. "Үздік милиционер" медалімен марапатталған. Қызметкердің өзі ІІО-да 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Байқауға қатысқан қызметкерлер грамотамен марапатталып, ал олардың балаларына сыйлықлықтар берілді.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ Департаменті әділет аға лейтенанты Гүлдана Есиркепова



Бөлісу: