Лық толы халықтар,
Сыр толы сандықтар.
Ананың көз жасы,
Сүйгеннің қимасы.
Серттескен арулар
Күте ме?
Уақыт анықтар.
Вагонның ішінде сіз
Сыртында мен.
Бұлыңғыр терезе.
Жүректе сиқырлы әуен.
Тоқтамас сағатым
Қинайды
Сыртылдаумен.
Тамақты тас тіреп,
Көзіме жас бөгеп,
Өзенім тасиды,
Көңілім жасиды
Сабырға бас иді.
Бір сәтте айналып,
Болардай
Өзіңсіз тас түнек.
Біздерде үнсіздік.
көзбенен сыр тізіп.
Пойызда қозғалды,
уәделі сөз қалды.
Вагондар тізбегі
барады,
Жүрекке мұң сызып...
P.S: Ант суын дарытып,
Бойымда тек сенім.
Күтемін сізді, еңселім!