Ұзақ жол..

Ұзақ жол, пойыздың дүрсілі,

Келемін терең ой үстінде,

Жүрегім өзгеше сілкінді

Кенет сен көзіме түстіңде.

 


Қараймын қиыла өзіңе,

Сен жатқан вагонның ішіне.

Жаныңа баруға дәт бармай,

Келемін ішімнен күрсіне.

 


Неліктен ұнадың білмеймін,

Көзіме түстіме кейіпің,

Кішкентай сәбиге қараған

Ұнады-ау сол бір мейірім.

Ғашық боп қалыппын түсінгенім

Жылулық сыйлады жаныма,

Ұнады жымиа күлгенің.

 


Көтеріп тұрдың сен затыңды,

Соқтықты жолымыз кенеттен

Сұрағым келіп еді атыңды,

Ұялдым білмеймін неліктен.

 


Жеттікте бәріміз вокзалға

Бітпесе екен деп ұзақ жол,

Ойладым ақылсыз тағыда.

Барлық жан түсуге асықты

Мен тұрмын бара алмай қасыңа.

 


Сөмкемді көтере кеттім мен,

Сен қалдың артымда асықпай

Ақырын таксиге жеттім мен,

Кеттім мен өзіңнен алшақтай.

 


Бұрыла қарап ем артыма

Көрембе тағы да сені деп,

Қарамсам қиыла тартыла

Көрмедім сені мен ол жақтан,

Таппадым жұттың мен ішінен,

Шарладым вокзалды көзіммен

Түсіндім қалқамау сонда мен,

Айырылып қаппынғой өзіңнен…

 

 

 



Бөлісу: