Үнсіздік Ұнатам!
Үндемеймін айтарым көп болса да,
Үнсіздікті Ұнатқаным соншама.
Ұнатқанға үндемей шыға келем,
Тығырық көп болса да.
Үнсіз ғана жылаймын жабығумен,
Жабығумен жаратқанға табынумен.
Үнсіз ғана отырып ойға батам,
Ұнатқаным өзіңді ойлауменен.
Қандай қиын біле тұра үндемеген,
Үнсіздікпен өмірім өте берген.
Сізге деген сезімімді сөзбен емес,
Үн-түнсіз ұқсын деп ем көздерімнен.
Шіркін-ай, бұл өмірім кереметпең?!
Несіне ғашық жанғып жаратыпең?
Сүйгеніме бата алмай əлі жүрмін,
Ұнатқаным үнсіздік күйінумен...
Ұнатпаймын жігіт соңына түскенді,
Ұнатамын, үнсіз ғана жүргенді.
Үнсіздікпен күйініп күн кешемін,
Ұнатқаным өзіңді ұмытам - деп.
Бекерге далбасалап əлі келем,
Өмірімді өткізіп күйбелеңмен.
Жарқ еткен жарық жұлдыз секілдісіз,
Жүрегімнің төрінде мекендеген.
Өшпестей жүрегіме жара салдың,
Күнімді əлсін-əлсін батырамын.
Таңымды армандармен қарсы аламын,
Өзіңді ойлауменен аңсағаным.
Əттең-ай, қолым қысқа жетер емес,
Айтуға ауыз шіркін келер емес.
Жүрек деген адамға бағынбайды,
Асау сезім арнасын таба алмайды.
Қиын екен жалғыз жанның сүйгендігі,
Сезімге сеніп үнсіз ғана күткендігі.
Бəрінен де, бəрінен де қиын екен,
Сүйген жанның үндемей кеткендігі.
Мейлі, ол үндемей келе берсін,
Өзге жанның соңынан ере берсін.
Бірақ-та, мендегі суық сезім,
Үнсіздікке үндемей көне берсін.
Назерке Бимахан