Үнсіз махаббат: Іштей құрылған диалог

Үнсіз махаббат: Іштей құрылған диалог
жеке
блог

Ерке мен Дулат - жақын достар. Дегенмен, келе-келе Дулат оған ғашық болып қалған. Міне, олар саябақта отыр. Ерке өзінің сәтсіз махаббатын айтып, Дулатқа сырларын ақтарып, жылап отыр. Ал Дулат Еркенің жылағанына қиналып əрі Еркенің оны ссүймейтініне өкініп отыр. 

"Көңіліңе кім қаяу салды екен?            

Өтінемін, жылама, саспашы. " 

- Неге оған ғашық боп қалды екем? 

- Қойшы оны, тасташы. 

"Жыласаң, мен қаламын қиналып,

Жылама, күлімде, өтінем(ін). "

- Неге оның сөзіне иланып 

Қалды екем, осыған өкінем(ін). 

"Байқамайсың ғашық та екенімді,

Халімді сұрашы менің де."

- Ал сенде барлығы жақсы ма? 

Бірдеңе жедің бе?

Сенің де ғашығың бар ма еді?

Бақытты шығарсың, сірә да!

"Өтінемін, жанымды қинама, 

Ол жайлы сұрама, сұрама."