Ұмытшақтық дерт болып жабысқанба?!
Мына заман бәйгедей жарысқанда,
Мына жұрттар заманмен алысқанда,
Мен жүрмін дара бөлек көпшіліктен!
Ұмытшақтық дерт болып жабысқанба?!
Жұмыстарым қат-қабат қабысқанда,
Қазір айттым ұмыттым,
намыстанба?!
Ұмытқанды жабамын өтірікпен!
Ұмытшақтық дерт болып жабысқанба?!
Мына дертім шаршатты жарысқанға,
Балапаны айналып арыстанға
Жеп барады ішімнен ептілікпен.
О, Тәңірім қондыршы құптылықты ем!
О Тәңірім!
Қондыршы, құптылықты ем!