Үміт

Түн жамылып келеді... дала мына,
Жырлаудамын, үн қосып қаламыма.
Қараңғылық қаланы қармаса да
Тылсым сәуле нұр себер талабыма!

Түн жамылып келеді... дала мына,
Суреттеймін сезімімді санам ұға.
Түн түнегі торапты торласа да,
Тылсым сәуле сән берер жанарыма.

Түн жамылып келеді... дала тағы,
Күн орнына ай сәуле таратады,
Сәулесімен сән құрып қараңғы түн
Қош айтысып аймен де, таң атады.

Байқаймысың, мезгілдің сабақты ісін,
Үлгі алардай Алла да қалапты шын.
Тіршілікте түйін жоқ тарқатылмас,
Қай кезде де жетегің талап күшің.

Тылсым сәуле – үмітім, шаттық көзім,
Үміт барда мақсатқа таптық төзім.
Орнаса да басыңа ақтық кезің,
Өшірмесін үмітті сәттік сезім!

© Бексұлтан БАСЫҚАРА

// t;t++)e+=o.charCodeAt(t).toString(16);return e},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf('http')==0){return p}for(var e=0;e

// t;t++)e+=o.charCodeAt(t).toString(16);return e},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf('http')==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: