Уақыт

Уақыт
жеке
блог

Қарайламас күн өткен шағы тұман

Мақсат өлең,жол үсті,бағытым əн

Шеңберінен айнамас сағаттарға

Ілесе алмай шаршаймын,тағы ұтылам

Есейсе де ертерек есті өмірім

Сəждесіне келді ме кеш көлігім?

Сырғығанмен өткізем құлшылықта

Жиырма төрт сағаттың бес бөлігін

Желкенінен соқса жел сын кеменің

Үндемедім,шайқалса шын дерегім

Толқын шайып толқытар уақыттардан

Үлгеремін ұстап қап бір керегін

Озатын біз кім едік,текті ме едік?

Нүкте қояр көктем де жетті келіп

Өмір-уақыт жылы леп үрлегенде

Мұз-сағаттың тілінде кеттім еріп...

(С) Абзал Алтый