Тыныштығымды тартып алған көктем...

Сағыныш буып сүйекті,
Сырқырайды қатты жүрегім.
Жанарымда тұнған түнекті ,
Көзәйнек қылып үнемі.

Ауа жетпей терім құрысып,
Тарылды менің тынысым.
Түсініксіз сондай сағыныш,
Жоғалды қашып тынышым.

Көктемнен көре бастадым,
Тартып алды байыз күйімді.
Дұрыс болар ма басқаным?
Жүректе туған құйынды!

Елегізіп бара жатырмын,
Орындалардай арман аңсаған.
Демалыс сұрап жатыр ма?
Миымнан сана шаршаған!


 



Бөлісу: