Түсінуге тырысып көр

Түсінуге тырысып көр
жеке
блог

Алғашқы рет,мұндай сезім жүректе
Оқыстан тым,тұла бойым дір еткен.
Керім толқын тұла бойды қуалап,
Көкірегімнен шықты ыстық леппен.

Батып кеттім  тұңғиығына шарасыз,
Сондай мөлдір,жанарыңның қарасы.
Бір сәтке болсын,бой алдырдым дауылға,
Болдың енді, жүрегімнің жарасы.

 Жарылам деп ойладым ба, екіге!?
 Жақындадым құзар шыңның шетіне.
 Кешір мені, сені ұмытуға тиіспін.
 Түсінуге тырыса көр,өтінем!