Түкірімпаздар елі

Түкірімпаздар елі
жеке
блог

Айта бергім келмейді, уайымымды,
Бір жағынан келмейді іштен тынғым.
Мұңды көп,жынды да көп бұл өмірде...
Ешкімге керек емес ащы шындық!

 

Резеңкеге айналған бұралып,бұрап
Көкейімді кернеген бір ақ сұрақ.
Қалайша нәтижеге жете аламыз?!
Түкірімпаздар жайлаған елде бірақ!

 

Жиырма жылда  бір ақ рет саналы,
Күтпесе де басқалар оны ап-анық.
Қазақша сөйлеген қазақ елбасы...
Қазақстанда ғана таңқаларлық жаңалық!


Мәңгүртстан атанамыз ба деп қорқамын
Өз еліңде өзің екінші сорт болғаның!
Отар болғанымызды ұмыту керек емес пе!
Отары болған Ресей де Алтын Орданың!


Жері байдың елі бай деген мақал бар
Деп өтірік айтқан кезінде бір сақалды!
Қазақстандағы ең бай адамдар деп
Бір кәріс пен үндістің аты аталды...


Кезіндегі Брежнев Леонид сияқты,
Ауыспайтын көсеміміз бар зиятты.
Жә қойшы, сотталып кетіп жүрермін...
Айтып қойып,бірдемелер ұятты.


Қазақша сөйлеші,айналайын қазағым,
Алла да аударар, сонда бізге назарын.
Салт-дәстүрді сақтаңдаршы қасиетті
Елемеңдер көкігендердің мазағын!