Жұмағымсың туған жер
Туған жерім бұл ақынға шабыт берер даласың
Тек мен үшін бұл фəниде сұлу ғажап қаласың
Туған жерім айбынымсың қолдап демеп күш берер
Жат көрмейтің еш заманда жерім деген баласың
Сені қосқан жырға талай шабыттанып ақыңдар
Бір сен үшін жаның қиған арыстандай батырлар
Бақыт іздеп шартарапта жүргендерге айтарым
Бар бақытты өзге емес туған жерден табыңдар
Туған жердің топырағыңда сенің кіндік қаның бар
Туған жердің ауасынан қуат алған жаның бар
Туған жерде ойнақтаған сенің сəби кезің бар
Туған жерде ең алғашқы сендік бала сезім бар
Туған жерде алып шыңдай көрінетін қырың бар
Туған жерде өзге жанға ашпайтұғын сырың бар
Өзге жерде өзге елде көп көтере бермейтің
Туған жерде бір өзіңді бейнелейтің сының бар
Туған жерім сен жұмақсың бір Алланың сиысың
Сенің көшің алға өрлеп əруақыттта құйылсың
Бұл өмірде барлық пенде əуелі Алла одан соң
Мына сендік қасиетке өле-өлгенше иілсің