Қазығын қағып қойып қазағымның,
Маңдайыңа жазылған азап пен мұң.
Елімнің сондай ауыр кезеңінде
Қазақ тілім көтерген абыройын.
Тіл құдірет-бір кем дүние өрнегі,
Қанша қиын, азап болған көргені.
Тұс -тұсынан сынап бәрі жүрсе де,
Тіл шырағы,жарқырады сөнбеді.
Талай ақын әуелеткен ән-жырмен,
Тарихы да байланысты тағдырмен.
Ана тілім сен жалында, сүрінбе,
Есте қалғың осы кербез сәніңмен.м
Мұқағали жырлап кеткен бұл бақыт,
Мұхтар ағам қосқан сөзге мол жақұт.
Бүгінгі күн саясында қызметің,
Жаратылған қазағымның бағы боп.
Сен біздің барымыз да ,бағымыз да,
Демеу болдың шамшырақтай жанымызға.
Қазақ тілім- ғажап тіл боп сақталсыншы,
Кірбің түспей нағыз қызу қанымызға.
Ана тілім жүрегі сен әр пендеңнің,
Өлшенбейтін өмірді сен деп келдім.
Абыройың толумен таусылмасын,
Алтыны қайталанбас жер бетінің.