Теміржол
жеке
блог
блог
ТЕМІРЖОЛ
Теміржол -
Темірдей төзім мен күрсініс,
Алысқа кетуге қамданыс.
Мою мен құлшыныс,
Үрей мен таңданыс.
Теміржол -
Қоштасу,қауышу әлемі.
Қаскүнем күнәсі,жазасы.
Солдаттың сәлемі,
Ананың мазасы.
Теміржол -
Шаршатқан ойлардың үзігі,
Қаншама көңілдер қапалы.
Екеудің жүзігі,
Жалғыздың бокалы.
Теміржол -
Әңгіме мың күндік,мың түндік.
Махаббат (жүректі үгіттер).
Алғашқы мүмкіндік,
Ақырғы үміттер.
Пендеге кезігер небір жол,
Беймәлім кесірі,пайдасы.
P.S. Теміржол -
Өмірдіің айнасы.
Еркебұлан Смадияр