...Тек сол жанды сүйіп қызың...

Гүл өрілген пердем менің,
Сенің орның – терезе
Сырсандықта сырым бар-тын сұрайтын:
Терезеңнен менің Ием өте ме?

Көрмедің бе, айтшы, Ерді 
Иықты, ұзын,
Қатулана қарайтұғын қабағын
Сол бір жанды,
Тек сол жанды сүйіп қызың,
Үмітпенен бұрымымды тарадым.

Жанарыма жанары түссе заматта-ақ
Жалпақ дүние қураған,
Ал, жаным ше? 
Сол жан деп жапырақтай шулаған...
Қараған ем, қай күні?
Қайықсыз кеп құлағам.
Жел де сол бір есімді айтып гулеген
Бейнесін сап сықылықтайды су деген
Мен қайтейін кеудемдегі тотыны,
Сезімімді қайтем жаным үдеген?!...

Гүл өрілген пердем менің,
күлімдеп
саған қарап отырайын, 
Ол келсе,
Белгі берші, айлы түннің бишісі,
Өн бойыңмен бір-ақ рет дірілдеп.


Жұлдыз Бейсек.



Бөлісу: