Театр
Тарту етіп бойындағы талантын,
Әртіс жаны беріледі сезімге.
Ұшар құстай самғап алып қанатын,
Бүгін тағы сый сыйламақ мына елге.
Қарт та болып жан-жүрегі қаусырған,
Ренжіп қалып бала болып бұртыйған,
Кереғар жас келіншектің рөліне,
Әртіс жаны еніп кетті әп-сәтте.
Ұштастырып сахна менен өмірді,
Қостастырып сезім менен сенімді,
Сан кейіпті бір бойына арқалап,
Әртіс жаны өз ғұмырын жүр арнап.
Толғандырып,таусылдырып,толғатып,
Жылатып та,қуантып та алады.
Кей кездері сағындырып,сандалтып,
Театр қайттан шымылдығын ашады.
Назым Самет