ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІМ
блог
Бабамның болған әркез басты арманы,
Тәуелсіз еркін елдің басталды әні.
Тыңдай бер құлақ салып, тыңда далам,
Елімнің абыройы аспандады.
Халқымның атақ даңқы көкке өрледі,
Қысса да қыс заманның өткелдері.
Аязды, аптапты да артқа тастап,
Оралды өз бағына көктемдері.
Мың жылғы мақсатына жетті міне,
Өлкемнің белдері мен беткейлері.
Тәуелсіз Қазақ елі,
Алланың қолдауымен,
Бабамның жанын салып қорғауымен,
Ел болды егеменді еңсе тіктеп,
Толықты Елбасының жолдауымен.
Бұл көрікті Астана!
Ерке Есілдің жағасын мекен еткен,
Халқымның берекесін бекем еткен.
Көгіне күннің нұрын қадап қойып,
Көмкерген аппақ жүзін текеметпен.
Аспан төсін арайлы, ажарлы еткен,
Күллі қазақ қауымын базарлы еткен.
Бұл – Мәуелі Бәйтерек, алтын діңгек,
97 метрге сапар шеккен.
Жайқалып жапырағын жайған арман,
Сыпайы сұлулығын айдан алған.
Халқымның абыройын айнасы етіп,
Намысын белбеуіне байлап алған.
Бұл менің Республикам,
Тәуелсіз байтақ елім!
Шырмалған шабытымды шайқап едім.
Елімнің мәртебесін мақтан тұтып,
Өзіме мың қайталап айта бердім.