Тәуелсіз елдің отыз жетістігі!

Тәуелсіз елдің отыз жетістігі!
жеке
блог

Жазира белдің көгінде самғап құс кетті,

Қанатын жаза,алған ел жерді құтты етті.

Еркіндік туын шыңына тіктеп қайтқанда,

Томаға-көзге,ілікті бүркіт құстекті.

 

Беу дала шіркін құлақ түр шерге зер салшы,

Құс қанат асты киелі байтақ кенді алшын.

Қанатты қырқып үйілген қорды көксеген,

Томаға басқан құсбегі емес қу аңшы.

 

Қос ғасыр ширек томаға ішін көз еттік,

Алсада көзді, бермедік намыс күзеттік.

Сыпырмай көзден ұшырып мазақ етседе,

Көзсіз-ақ біздер самғадық бағыт түзеттік.

 

Саңылау етіп бітеумен мына жанарды,

Қалдырса керек аңшы да мына қарарды.

Тұсаулап қойдым деп жүріп көкке үңілсе,

Бапталған алып бүркіт құс самғап барады.

 

91 еді самғаған көгі мәңгіге,

Тұсаусыз,езсіз егемен болу мәнді де.

Полигон тоқтап,қазағы ғарыш самғаумен,

Ленинді алып, “Әнұран" етті әнді де.

 

Тоқсанда екі,көк байрақ ұйым төрінде,

Қарулы күштер құрылды жерде көгінде.

Отанды аңсап қауышсыз қалған қандастар,

Орала қазақ,көрісті қазақ өмірде.

 

Тоқсанның үші  ата-заң болды бас хабар,

Қаржылай еркін ортаға теңге тасталған.

Жас өрен ұлттың ертеңі деген байламмен,

Болашақ қормен өсуге жастар аттанған.

 

Тоқсанның төрті қос адым алға бір бастық,

Қытаймен бірге шекара шегін жырластық.

Құрамнан шыққан өзг(е) елдер даттап жүргенде,

Екінші қазақ Талғатты көкке самғаттық.

 

Тоқсанның бесі 3 билік орнап заңменен,

Көпұлтты сақтар ассамбл аштық барменен.

Абай жылы деп рухымыз бекіп оттанып,

Ордадан ауар жарлық та шықты таңменен.

 

Тоқсанда алты көгінде тұрдық ойынның,

Алтынмен аптап қоржынын тіктік қойынның.

Тоқсанда жеті екі мың отыз  бағдарлап,

Әлемге нақты адымын бастық жиынның.

 

Тоқсанда сегіз ұлт тарих,бірлік жыл болды,

Ұмтыла төрге Еуроодақ қолға құс қонды.

Жартысын жердің жайлаған Ресейіңде де

Қазекеңменен достыққа ынта бек толды.

 

Ғасырдың соңы жасалар түйін қадамдар,

Өткен күн тарих,болашақ болар алаңдар.

Ғасырға жаңа кіруге қайта сайланып,

Елбасы һәмма партия “Отан" алаңда.

 

Мәдениет һәмма биліктің жылы екі мың,

Заң соттың шештік тәуелді орам тоқымын.

Сиднейлік ойын төрінде қазақ,көк байрақ,

Бұл ұлы тарих! Келешек бермес өкімін!

 

Каспийлік құбыр толысып,көлем ұлғайып,

Қазақты танып,отыз ел келді дүрдайып.

Төрт бірдей әскер округын құра дамумен,

Тәуелсіз он жыл мерейге жеттік жыл жайып.

 

Денсаулық жылы әр қазақ жүрек жадында,

Өнер көрсеттік Еуро спорт бағында.

Ресей мен Қазақ Каспийдің бойын межелеп,

Қол қойған мәңгі хаттама болды жолында.

 

Екі мың үштің “ауыл жылында” даму көп,

Өткердік алғаш дін съезін қауым боп.

Денсаулық сақтау ұйымға мүше болғанда,

“Қазақстан жылы” Ресейде өтті жалын боп.

 

Мәдени мұра екі мың төрттің бастауы,

Электронды үкімет құру қостауы.

Афинадағы жазғы ойын таққан жүлдемен,

Көгінде тұрдық көк тумен төрдің қасқағым.

 

Әскери база Шанхай саммитте нақталды,

Екі мың бесің сайлаумен есте сақталды.

Ұлттық қор актив жоғары шекке ұлғайып

Екі мың алты зор үміт сыйға оқталды.

 

Жетінші жылы өзгеріс енді заңға да,

Корпаративтік көшбасшы келді бағдарға.

Екі мың сегіз Елорда жылы тойланып,

Бейжің төрінде алтынмен тұрдық таңдана.

 

Дағдарыс туып қарсылай тұрдық еңгеріп,

Наурыз тойды еркін етуді жөн көрдік.

Екі мың онда Кедендік одақ іс қосып,

ЕҚЫҰ-ға төраға болып өң бердік.

 

Екі мың он бір 20 жылдықпен мәңгі есте,

Азия ойын қосарлы сыйғой әлбетте.

Келесі жылы ел іші құрылыс жанданып,

Әлеумет тұсы айналды даму келбетке.

 

Екі мың он үш саяси бағыт қолға алдық,

«2050 стратегиямен» жолдандық.

Екі мың он төрт қайта құруға бет алып,

Ел мүддесі үшін ауыс пен түйіс қолдандық.

 

Ғарышқа самсап үшінші қазақ бір қонды,

Он бесте елге бес ғасыр көшті жыл толды.

Келергі жылы тәуелсіз елдің бағына,

Жиырма бес жылдық тарихты құрған ұлт болды.

 

Он жеті деген әлемге мәшһүр көрмемен,

Өзгеріс елде,әліпби болды көздеген.

Келесі жылы Азия елден дәп бұрын,

Қазақстан БҰҰ-ға төраға болды өзгеден.

 

Он тоғыз жылы тарихта үлкен төңкеріс,

Тарих көшіне Тоқаев келді өзгеріп.

Екі мың жиырма індеттік ахуал күшейіп,

Ел болып күрес жолына түстік өңгеріп.

 

Қазақстан отыз тәуелсіз кеме төрінде,

Даму адымы баяулап аққан көлінде.

Зилылардың ұлт жылы һәмма тойланған,

Қазақ еліміз һәм мәшһүр күллі әлемге.

                Автор: Бишер Дильназ. 

              Жетекшісі: Қумғанбаев Жандос.