Татулықтың мәні

Татулықтың мәні
жеке
блог

Құрбылар отыр әңгіме-дүкен құрысып,

Бір-біріне шер тарқатып, сөйлесіп.

-Мен сұлумын, ешкім маған тең келмес,-

деді Әлия еш ойланбай күлісіп.

-Білесің бе, менің әкем-бай адам, -деп

мақтанды Жанар оған бір жекіп.

Екеуі де атаққа бір таласты,

Достық деген құнды затты бұзысты.

Осы уақытта Шапағат отыр үндемей,

Екі қыздың бұл қылығын түсінбей.

Тәрбиелі, қарапайым, жарқын қыз,

Әлия мен Жанарға бір ұрысты:

-Жан құрбымыз, сіз-біз десіп сыйласқан,

Бір-бірімізбен жап-жақсы тіл табысқан.

Жандарым-ау, қойыңдар енді жетеді,

Екеуіңе жараспас бұлай айтысқан.

Жүректерің таза болса жетеді,

Байлық,атақ мұздай еріп кетеді.

Екі қыз да түсінді өз қатесін,

Артық кетіп байқамапты, қайтесің?

Кешірім сұрап, татуласты үшеуі,

Татулыққа бұл өмірде не жетсін?