Таңғы жүгіріс

Таңғы жүгіріс
жеке
блог

Таза ауада тынысым кеңіп,
Таңғы шық ұйқымды ашып.
Жүгіріп ақырын жеңіл
Біртіндеп көңілім тасып.

 

Өзімді қамшылаймын,
Тағы да бір айналым.
Маңдайдан тамшылайды,
Жанарға тер байланып.

 

Сиқыр ғой таң ауасы,
Өзіңе келе аласың.
Екі аяқ тең жарасып,
Жазатын жан жарасын.