Т... Белгісіз!

Т... Белгісіз!

Былтырғы тамыздың сегізі,
Айлы кеш. Саябақ тым-тырыс.
Жұп болып аққудай отырмыз,
Қызықтап жұлдызды түнді біз.

Қыркүйек. Жапырақ сарғайып,
Шөпті шық, басыпты жерді сыз.
Жазбенен мінгесіп кетердей,
Құшақтап алыпсың бергісіз.

Сап-салқын ызғарлы желімен,
Тағы да тоңдырды кімді күз?
Ып-ыстық жалындай сезіммен,
Ал мені, жылытты меңді қыз.

* * * * * * * * * * * * * * * * * * * * *

Биылғы маусымның тоғызы,
Ақ парақ, көк қалам. Түн тыныш.
Өзіңе арнамау өлеңді,
Сен жайлы ойламау- бұл қылмыс.

Сырласып шабытпен түңгілік,
Арқада ойнады жұлқыныс.
Қағазға түсірдім біртіндеп,
Өткенді алумен кең тыныс.

Бір болсақ, екі жыл бүтіндей,
Екіге бөліндік енді біз.
Өмірде, БАҚЫТЫМ, бар бола,
Қасымда жоқтығың сенгісіз.

Сүйсем де сені Т... Белгісіз!



Бөлісу: