Сізсіз - мына жүректің Тәңірісі...

Сізсіз - мына жүректің Тәңірісі...
жеке
блог

Сізсіз -
Мына Жүректің Тәңірісі,
Көп күн өтті 
Болмай жүр көңіл мүлдем.
Сіз жаққан 
Сол сезімнің жарығы үшін
Жер түбінде 
Болсам да өмір сүрем.

Сізсіз өткен күндерім 
Мұңлы,зарлы
Енді мені ештеңе құтқармайды…
Нала күнде көңілдің 
Мұзы, қары
Ұшып кетіп 
Ақ таңда бұлтқа айналды.

Жауын жауды аспаннан 
Бүлкілдеп қыр,
Ұшпай қалған үмітсіз 
Тас болды құс.
Сізді көріп жылап ем 
Мөлтілдеп бір
Көз жасыма шомылып 
Мәз болдыңыз.

Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.