Сіз - өзгенің үйінде...

Сіз - өзгенің үйінде...
жеке
блог

Мен – далада,
Сіз – өзгенің үйінде
Өзге гүлдің ұнатасыз биін де
Мен аспанға аттанармын көзімнен
Кірпігімнен жаңбыр жауған күйімде.

Мен — далада,
Сіз – басқаның қасында,
Сіз сүйсіне жейсіз оның асын да
Мен өтермін мұңым шағып, аялап,
Табаныңыз тиген жердің тасын да…

Мен – далада,
Сіз – басқаның қойнында
Сізбен кешкен күндер ғана ойымда
Сіз жабырқап жүрмеңіз,
Сіз жүретін тау-тастың ауасы бар бойымда –
Біз бәрібір біргеміз!!!

 Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.