Сіз мені күтпеңізші...

Сіз мені күтпеңізші...
жеке
блог

Сіз мені күтпеңізші,

Төрт болып көздеріңіз,

Қайғының қонағы боп сөздеріңіз,

Сарғайып, сағым болып естегіңіз,

Күтуді дерт дедіңіз,

Кеудеңізде күбірлеп отыр ем ғой,

Сіз кімді іздедіңіз?

 

Сіз мені күтпеңізші...

Жұпарлы  көктем гүлін  сағынды қыз

Ақ қарды ақ көрпем деп жамылдыңыз

Үміт боп жанарыңызда ұялап ем,

Сіз жолдың айрығынан табылдыңыз,

Сіз кімді сағындыңыз?

 

Сіз мені күтпеңізші...

Қошақандай бұлттарды жылатты күз,

Мөлдірлігіме  шын іңкәр бұлақпысыз

Мен сізге тым жақындай  түскен едім,

Жаныма бір ауыр жас құлаттыңыз,

Сіз кімді ұнаттыңыз?..

Жұлдыз БЕЙСЕК, 2006.