Сүйші...
жеке
блог
блог
Білем, сен тек сүю үшін туғансың,
Сүйші, менің ақша жүзім қызарсын.
Сүйші, қара бұрымымнан мәңгі боп
Екеуміздің ғұмырымыз ұзарсын.
Сүйші, сәулем, сен сүюге құмарсың,
Көңілімді көктем жаққа бұрарсың.
Сүйші, сенің ерініңнің шырыны
Ерінімде жылдар бойы тұрар шын.
Сүйші, менің мейірленсін көңілім,
Көмейімнен өтейінші төгіп үн.
Көз жасыммен ағып кетсін баяғы,
Сен сүймеген, мен күймеген өмірім.
Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.