Сүйіп өтемін
жеке
блог
блог
Пендесін Алла дара сынай ма?
Мұң тербеп жанды, орасын ойға,.
жұрттағы аңшы қосындай болып
шерлістан жүрек қаласың қайда?
ұлиды көңіл ұлардай бейне,
сағым болдың ба мұнардай демде... (((
Атыңды жаттап құрандай мен де
хатымды сақта тұмардай сен де...
Жүрмейді дейді махаббатқа әмір,
мен де бір түнгі жапалақ та бір.
Өзіңді аңсап нәзік жүрегім
төксе деп келем шапағат Тәңір.
Сезімге басты иіп өтемін,
орныңды дәйім биік етемін.
Кеудемнен ұшып кеткенше жаным
өзіңді ғана сүйіп өтемін!
АНТ ЕТЕМ...