Студенттік өмір

Оқу қиын, білім керек алайда,

Үйден алыс, таныс емес маңайда.

Бастапқыда көніге алмай жылайсың

Уақыт өзі емін берер қалайда.

                          

Мектебіңді аяулы сағынасың,

Сағынасың кей кезде жабығасың.

Мұнда бәрі өзгеше екен, құдайым-ау,

Мұғалімің баяғы «апай» емес,

Аты-жөнін атап тұрып шақырасың.

Жүгіріп жүріп артынан ұстай алмай,

«Қойыңызшы өтініш» деп жалынасың.

 

Ата-анаң жоқ үйдегі еркелейтін,

Не айтсаң да «жарайды, еркем» дейтін.

Өмір ащы, көресің небір жанды

Жыласаң да мән беріп елемейтін.

 

Жаңа таныс, жаңа достар табасың,

Достық жібі өзі табар жалғасын.

Пендесің ғой, бәріне көндігесің

Түсінесің өмірдің ақ пен қарасын.



Бөлісу: