Сен кетіп,
Үйден үміт қашты мына
Қайғыға қала бердім бастырыла
Сенсіз сәби жүректің әр лүпілі
Жас болып
Тамып жатты жастығыма.
Сен кетіп,
Шаттығы ұшты шаңырағымның
Бақытсыз жолаушысы ем арба – күннің
Айлы түн аман бол деп хош-хош айтып,
Соңында қала бердім арманымның.
Сен кетіп,
Қайғы әлдилеп елегенмен,
Түн қадап қарашығын тереземнен
Өзімді ұқсаттым мен зау көктегі
Жұлдызға бір-біртіндеп сөне берген.
Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.