Михаил Лермонтов
СМЕРТЬ ПОЭТА
Погиб поэт! — невольник чести —
Ақын өлімі
Өлді ақын!-бұғауындағы намыстың-
Құлады,қауесеттермен жалалы,
Қорғасын көкіректе,кек буып арысты,
Әз басы иіліп барады!...
Ақын жүрегі шыдамай
Масқарасына реніштің бір елі
Пікірін қалаулылардың тыңдамай
Бұрынғыша жалғыз...әрі өлі!
Өлді ол!...енді өксу не үшін
Бос мадақтан да жабыла
Ақталудың да бар ма мәнісі?
Тағдырдың шықты үкімі!
Сіздер емес пе, басында күлген
Мазақтап тәуелсіз , батыл қалауын
Кішкене шоқты жабыла үрлеп
Тұтатқан өсек алауын?
Ал енді...күліңдер-ол азаптың
Соңғысын қалды көтермей:
Сөнді, еді сәулесі ғажап тым,
Солды гүлшеңбердей бекерге.
Оның қанішері қалт етпей
Көздеді...құтылу жоқ жаһанда
Тас жүрегі бір беткей,
Қалтырамай қолда тапанша,
Бұл алыстан...керемет неткен
Қашқындарша жүздеген.
Бақыт іздеп,шен мен шекпен
Жазымыштың жазуымен бізге кеп.
Түкке тұрғысыз деп біздің салтымызды
күліп қарады,салт-дәстүрге мол:
Қайдан аясын, біздің даңқымызды:
Дәл сол қанды мезетте ол,
Кімге қол көтергенін түсінді ма екен!...
Өліп қалды ол-жерленіп те қойды,
Дәл сол әншідей,беймәлім бірақ сүйкімді,
Басқа сезімді қызғаныш жойды,
Айтқан әніндей, ғажап сиқырлы.
Оққа да ұшты ,дәл сол сияқты.
Әлпештеуден қашып, достықтан да қарапайым,
Қызғанышқа толы әлемге келді неге жазатайым
Алау жүректі ,асау сезімді оған
Қолын қысуға жалақорлар мен пасықтардың
Өтірік мадақ-мақтауына пысықтардың,
Неге керек болды екен?...
Бұрынғы гүлтізбені алып-тікені барын қойды
Лавр жапрақтарымен оралған
Тікенектері сорайып орамнан:
Шағып жатты маңдайдан;
Соңғы сәттерін аяусыз улап
Жымысқы мысқылдарымен анайы
Өлді ол-қайтпас кекке шөлдеумен
Өкінішпен үмітін өлдіге санайды.
Әуезді әннің үні өшті
Қалықтамас енді қайтадан:
Қараңғы қапас жерге көшті,
Енді ешқашан айтпас ән.
Сендер, менмен ұрпақтары
Аты шыққан арамзалықпен әкелердің,
Құл өкшелеріңмен ойрандадыңдар
Бақыт ойынымен өкпелі тегің
Сараңдықпен алтын тақты қоршап
Жаналғыштары Атақ пен Абыройдың!
Тығылсаңдар да заң астында қанша,
Шындық пен соттан -жоғары болсаңда сонша!
Құдай соты барын естен шығарма!
Оған бәрің де жауап бересіңдер!
Алтының көмектеспесін ұғар ма?
Сонда көресілеріңді көресіңдер!
Сол кезде тағы ғайбат айтып көрсеңдер де,,
Тазармайды жаның,
Барлық қара қандарыңды жинап берсеңдер де,
Толтыра алмайсыңдар ақынның әділ қанын!