Шырайлым Шұбайқызылым

1. Көзді ұрлаған келбеті тұнған тұнық жанарға, 2. Сұлулыққа құштар жыр жай таппай жүр қонарға. 3. Қалықтаған шабытты қағып алып төгілтсем, 4. Қара өлеңмен өрілген шіркін шөлім қанарма? 1. Тарту еткен табиғат таңғажайып үзігін 2. Көк төріне қадаған алтын нұрлы жүзігін 3. Сол жүзіктің шомылып шуағына мейрімді 4. Шуақ шашқан шырайлым, әсем Шұбайқызылым 1. Жер бетінің жәннаты секілденіп жатқаның, 2. Маңғазданған даланың қарсы аласың ақ таңын. 3. Тап осындай бейкүнә сиқырыңмен жанымды 4. Жұбатасың қысылмай қысымға алған шақта мұң 1. Қызыл бөрік тағынған қызғалдақтар қыздардай 2. Көк жүзіне телмірген қол ұстасқан жұп жазбай 3. Қылқаламның шебері салған сурет секілді 4. Аллам бәрін орнатқан рет ретімен мұнтаздай 1. Тербетеді жер-ана бесігіне құндақтап 2. Кеудеңдегі гүлдерді құлпыртады күн қақтап 3. Шұбайқызыл талайдың шын сезімін шалқытып 4. Самал желдің жатсың ау сыбдырындай сыр сақтап. 1. Маңғаз біткен маржандай маңдайына қазақтың 2. Өзің барда өзгеше қажеті жоқ ғажаптың 3. Табиғаты тамаша түлкібасым жыр әнім 4. Тау суындай талайға тамаша күй тараттың. 1. Кеудеңе сән қызғалдақ мөлдір бұлақ тау сәні 2. Кекіліңді салалап самал желдің саусағы 3. Тербетілген шақтарда толқын шашың тынымсыз 4. Ойнап тұрған секілді сезім толы Шәмші әні.


Бөлісу: