Шырақ

Жыға алмасың ақиқат жырды ығыңа,
Мендегі санасаң да мұңды - күнə.
Жалғыздыққа араша болған осы,
Білесің бе, сүйемін, түнді мына.

Бақыт жарық Күн емес күле келер,
Əр ақ таңда жүректің тілегі өлер.
Менің күйім - жүк болып өлеңіме,
Баз кешіп жүргенімді біле ме ел?

Жолдар маған өзіңнен беріп хабар,
Түсінгесін сөзімді сен ұққан əр.
Мені тағы түнекке қалдырмас деп,
Шамын жақтым сезімнің: "-Келіп қалар" ... 

Əлия ІҢКƏРБЕК 


Бөлісу: