Шындықты айтқан өлең күлді

Шындықты айтқан өлең күлді
жеке
блог

Зәулім-зәулім кең сарайлар маған ба?

Жарқ-жұрқ еткен, арты – лас.

Жылтырақтар жаппай күлген қоғам ба?

Тырнағымның ұшына да татымас.


Көзді арбаған байлығыңды атама,

Көз жасыңа тұншығып өл демесең.

Қара дағын жұқтырғанда жағама,

Дұшпаныма кетіп қалды көп есем.


Өтіріктің бетін тіліп кеткім кеп,

Өз-өзіммен арбасқанда білді кім?

Ақша сүйген екіжүзді тіптен көп

Ауасын да ауырсынды кірпігім.


Батпақтарға батқан көптің ішінен,

Құтқар деген бір дауыс жоқ  тоқтар жан.

Шындықты айтқан өлең күлді,  түсінем,

Ал қалғаны жоқ... жалған!

Жұлдыз БЕЙСЕКОВА