"Шын айтам"
Шын айтам,
Қап-қара қар көрдім,
Түнді де көргенмін тым әппақ!
Құрыштай сезімнің сенімін
Сындырып алғанмын сынап қап!
Шын айтам!
Атандым "Ең ұлы ел ақыны",
"Сәкеннің сүйгені", "Мағжанның жақыны",
Бірақ та, құлақта шыңғырып тағы тұр,
Нұрланған қылыштың жат үні..
Шын айтам!
Біздің ел бес елдің санында,
Жапон кім? Қытай кім бұл елдің жанында?
Басшылар жейді екен xалықтан қалғанын,
Жоқ елдің жемқорлық қанында!..
Шын айтам!
Біздің ел атақ пен мақтанды-
Жек көріп, үнемі солардан сақтанды!
Өлеңім тап-таза шындықтан құралған,
Бұл жерде жалған жоқ жаттанды!
Ұлтшылды қашан да қолдаған Құдайы,
Біздің ел нұрланған бір кезде ұдайы,
Он сегіз миллиардтың барлығы Қап-Қазақ!
Күлмеңіз! Айтып тұрм шынайы!
Ендігі елермін әр күн мен әр айды,
Мен кеше түсіндім талайды.
Жемқорлық жойылған ұлы елде туыппын,,,
Барлығы түсімде,,,
Жарайды!
Авторы: Қарлығаш Қабай