Шымшымалар
жеке
блог
блог
Бар арман
Жұмыр басты пендеңіз,
Ішіп-жеуге жаралған.
Сондықтан да жемқорлық,
Қан тамырдай таралған.
Қорықпайсыз ба дегенмен,
Құрылар деп тор алдан?
Оны ойлауға уақыт жоқ,
Молырақ қарпу бар арман.
Бірте-бірте
Ішіп алып атасының қорасына түскен-ді,
Сөйтіп әлгі бірте- бірте іштенді.
Қайқайды
– Ұрлық жасап байығанды көрмедім.
Ал өзіңіз...
– Өй, ант атқыр...
Бар болғаны ермегім.
Қол бұлғады
« Сұмырай келсе, су құриды» деуші еді,
Соның шынға айналғаны-ау бұл-дағы.
Әрбір үйге су беретін құбырлар,
Қыс түспей-ақ «құрғады».
Сұғанақтар қаражатты жымқырған,
Көп кешікпей түрмеден қол бұлғады.
Сүлеймен Баязитов